Үйінде пневмониядан емделіп жатқандар қандай дәрі-дәрмекті тегін ала алады

Үйінде пневмониядан емделіп жатқандар қандай дәрі-дәрмекті тегін ала алады

Үйінде пневмониядан емделіп жатқандар қандай дәрі-дәрмекті тегін ала алады

Пневмония, ЖРВИ және КВИ-дің жеңіл түрі бойынша үйінде емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады. Бұл жайлы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек пен препараттардың тізімі жасалды. Яғни ЖРВИ мен пневмониядан үйінде емделіп жатқандар осы дәріні ала алады. Бұған дейін емхана дәрігерлерімен кеңес өткізген едік. Сол жиында аталған тізім аясында COVID-19 инфекциясына ұқсас және пневмониямен ауырғандарды тегін дәрімен қамти алатынымыз туралы шешімге келдік», — деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді.

«Ол дәрі-дәрмекті емханалардың жанындағы мобильді топтар тегін жеткізіп береді», — деген Айжан Есмағамбетова әкімдіктерге қосымша дәрі-дәрмек алу міндеті жүктелгенін айтып өтті.

Еске сала кетсек, бұдан бұрынғы баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусты жеңіл және симптомсыз көтеретін адамдарға көшпелі бригадалар ақылы қызмет көрсететінін хабарлаған болатын.

Ал вице-министр Ажар Гиният осы мобильді топтардың жұмыс тәртібін түсіндіріп берді.

https://www.inform.kz/kz/uyinde-pnevmoniyadan-emdelip-zhatkandar-kanday-dari-darmekti-tegin-ala-alady_a3668806

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *