Түркістан облысында жеңілдетілген несие алып беремін деген алаяқ ұсталды

Түркістан облысында жеңілдетілген несие алып беремін деген алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жеңілдетілген несие алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Онда жәбірленуші танысының жеңілдетілген жолмен несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алдап кеткендігін айтқан. Яғни 4 000 000 тенге несие шығарып беремін деп 210 000 теңгесін алып, жоқ болған. Тұрғын полицейлерден басқа ешкім күдіктіні ұстай алмайтынын біліп, шағымданып көмек сұрады.

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») «бойынша тіркелді. Күдіктіні ұстау мақсатында қазығұрттық қырағы полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, жедел әрекет етті.

Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдікті анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұдан да басқа қылмыстық оқиғаларға қатыстылығы анықталады. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/turkstan-oblyisyinda-jenldetlgen-nesie-alyip-beremn-degen-310104/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *