Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясының қаупі барын айтты
Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясының қаупі барын айтты
Коронавирустың ерекше мутациясы бар, ол оның таралуын тездетеді. Бұл туралы АҚШ-тың бас инфекционисі, аллергиялық және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи айтты, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.
«Деректер вирустың репликациясын жеделдететін және оның ағзадағы концентрациясын арттыратын белгілі бір мутация бар екенін көрсетеді», — деді ол American Medical Association газетіне берген сұхбатында.
Инфекционист бұл мутацияны зерттеу әлі аяқталмағанын айтып өтті.
https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/galyimdar-koronavirustyin-jana-mutatsiyasyinyin-kaup-baryin-310231/