Депутаттар каникулға шықты
Депутаттар каникулға шықты
Парламент VI шақырылымның бесінші сессиясын аяқтады. Енді Сенат пен Мәжіліс депутаттары демалысқа шықты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Парламентте бесінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті.
Бесінші сессия кезінде екі палатаның жұмысында 161 заң жобасы болды, олардың 98-і қабылданды.
Бүгінгі таңда Парламент қабылдаған заңдардың 86-на Президент қол қойып, олар заңды күшіне енді.
Қазақстандықтар өмірінің өзекті мәселелерін шешу үшін депутаттар бесінші сессия барысында өздерінің конституциялық құқығын белсенді пайдаланды.
Осы сессияда депутаттар 35 жеке заң жобасын әзірледі, оның 12-сі қазіргі уақытта қабылданып, 23-і жүзеге асырылып жатыр.