ШЫМКЕНТТЕ АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КУРСТАР АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КУРСТАР АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» орталығы көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға барынша атсалысуда.

Әсіресе көпбалалы аналардың өз кәсібін жүргізуіне ықпал ету бағытына басымдық беріліп, баласымен бірге Орталықта түрлі курстарға қатысуына мүмкіндік жасалып отыр.

Орталықта аналар мен балаларға 6 бағыт бойынша тегін курстарға жазылу мүмкіндігі бар:

1. Тігіншілік курсы (киім, төсек жабығы, тері бұйымдарын тігу);

2. Компьютерлік сауаттылық курсы (аналарға Егов порталымен жұмысты үйрету);

3. Логопед курсы (тіл мүкістігі бар баламен жұмыс істеуге анасын баулу);

4. Массаж курсы (жас аналарға сәбиге массаж жасауды үйрету) ;

5. Сазбалшық терапиясы, қыш құмыра жасау өнері (мүгедектігі бар аналар мен балаларға);

6. Шахмат үйірмесі (5 жастан асқан балаларға).

Тігіншілік курсы – аптасына 5 күн, 3 ай оқудан кейін сертификат беріледі, жазылам деушілер 87020231189 нөміріне хабарласып жазылады.

Компьютерлік сауаттылық курсы – аптасына 5 күн, жауапты маманның нөмірі 87754657676

Логопед курсы – аптасына екі рет, 2 сағаттан, жауапты маманның нөмірі 87053660400

Массаж курсы – аптасына екі рет, 2 сағат, жауапты маманның нөмірі 87076159687

Сазбалшық терапиясы курсы – аптасына екі рет, 2 сағат дүйсенбі сәрсенбі күндері, жауапты маманның нөмірі 87753267788

Шахмат үйірмесі – аптасына екі рет, 2 сағат, жауапты маманның нөмірі 87470493601

Вацап желісінде «Шаңырақ курстары» тобына қосыла аласыздар, сол топта барлық сұрақтарға жауап алуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *