Бейруттағы жарылыс: Ливан премьері себебін айтты

Бейруттағы жарылыс: Ливан премьері себебін айтты

REUTERS©REUTERS©

Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылыстың себебін айтты, — деп хабарлады  kaz.tengrinews.kz РИА Новости.-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған.

«Осы жағдайларға кінәлі жауапты адамды таппағанша және оған ең ауыр жазаны бермегенше тынышталмаймын. Себебі 2750 тонна аммиак селитрасының партиясы 6 жыл бойы азаматтарға қауіп төндіріп, дұрыс сақталмауына жол беру мүмкін емес», — деді премьер.

Сондай-ақ Дияб арнайы комиссия құрып, 48 сағат ішінде жарылыстың себебі мен кінәлілерді анықтауды ұсынды.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, аммиак селитрасының жарылысы ұрылардың жолын кесу үшін тесік жерді жабу мақсатында балқыту жұмыстары жүріп жатқанда болған.

Еске салайық, Бейрут портының ауданында 4 тамыз күні кешке жойқын жарылыс болды. Қала губернаторының айтуынша, қаладағы ғимараттардың жартысы зардап шеккен және ауруханалар зардап шеккен адамдарға толған. Соңғы деректер бойынша жарылыс салдарынан қайтыс болғандар саны 78-ге жетті және 3,7 мың адам зардам шекті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *