Алматыда автобустар  соғылып,  9 адам зардап шекті

Алматыда автобустар  соғылып,  9 адам зардап шекті

Алматыда автобустар  соғылып,  9 адам зардап шекті

Алматыда №34, 32 автобустар соғылып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатынан кейінгі көрініс әлеуметтік желіде жарияланды. Оқыс оқиға Сүлейменов көшесінің бойында таңғы 10:00-де болған.

«36 жастағы №32 маршрут жүргізушісі Сүлейменов көшесімен келе жатып, №34 автобусқа соғылған. Жол апатынан екі автобустан 9 адам, оның ішінде 2 бала жарақат алған.

Олар қаладағы ауруханаларға жеткізілді», — деді Алматы ПД баспасөз қызметінен.

Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарақат алған 2 бала басының жұмсақ тіндері соққы алған деген диагнозбен амбулаториялық емдеуге жіберілді.

https://www.inform.kz/kz/almatyda-avtobustar-sogylyp-9-adam-zardap-shekti_a3663759

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *