ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ҚАРБЫЗДАРЫ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНА ЖІБЕРІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ҚАРБЫЗДАРЫ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНА ЖІБЕРІЛУДЕ
Возможно, это изображение 1 человек, арбуз, канталупа и дыня
Жетісай ауданына қарасты Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде 6 гектар жерге пленка астында, 5 гектар жерге пленкасыз қарбыздың «Талисман F1» сортын еккен Олжас Есболатов өнімін Ресейге саудалауда. Диқаншылықты кәсіп еткен шаруа сәуір айында егіншілігін бастап, қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп-жетілген қарбыздан шамамен 300 тоннаға жуық өнім алынады деп жоспарлап отыр.
Возможно, это изображение 1 человек, арбуз, овощ и дыня
Возможно, это изображение 1 человек, арбуз, дыня, канталупа и на открытом воздухе
– Биыл ауданымыздың климаты диқаншылыққа қолайсыздау болғанымен тәуекел жасап жылдағы уақытта егіншілікті бастадық. 6 гектарға пленкалы, 5 гектарға пленкасыз қарбыз ектік. Егістік алқабының әр гектарына шамамен 1 млн. теңгеден шығын шығардық. Әйтсе де, ауа-райының қарасқандығынан өнімімізді саудалап отырмыз. Тағы 15 күнде пленкасыз қарбызымыз да дайын болады, – дейді О. Есболатов.
Возможно, это изображение 2 человека, арбуз, овощ, дыня и текст
Жетісайлық шаруалар биыл 79,3 мың гектар суармалы жердің 45,5 мың гектарына мақта шитін сепсе, 19,6 мың гектар жерге бақша, 5 мың гектар жерге дәндік жүгері, 2,9 мың гектар жерге көкөністер мен 5,3 мың гектарына мал азықтық дақылдарын еккен.
Возможно, это изображение 1 человек, арбуз, канталупа, овощ и дыня
Қазіргі таңда ауданда бақша дақылдарынан өнім жинау науқаны жүргізілуде. Жиналған 24,5 мың тонна бақша өнімдерінің 11,9 мың тоннасы қарбыз болса 12,5 мың тоннасы – қауын. Жиын-терім науқанының соңына дейін бақшадан 525 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр.
Возможно, это изображение 7 человек, листовая капуста, арбуз и растение
Бақша дақылдарының өнімдері негізінен Ресей, Беларусь мемлекеттерімен қатар еліміздің Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларына, сұраныс болған өзге де облыс орталықтарына жөнелтіледі.Возможно, это изображение 1 человек, арбуз и дыня
Возможно, это изображение 3 человека, арбуз, листовая капуста, канталупа, дыня, растение и текст
Возможно, это изображение 3 человека, арбуз, дыня и овощ
Айта кетейік, қарбыз өнімдерінің бағасы алғашында келісіне 90 теңгеден басталса, қазір 70 -80 теңге аралығында сатылуда
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *