Ата-ана мен ұстаздар да жиналған: Түркістан облысында түлектер кеші тоқтатылды

Ата-ана мен ұстаздар да жиналған: Түркістан облысында түлектер кеші тоқтатылды

Ата-ана мен ұстаздар да жиналған: Түркістан облысында түлектер кеші тоқтатылды

Түркістан облысында мейрамханада тойланып жатқан түлектер кеші тоқтатылды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мобильдік топтың кезекті рейді кезінде Жетісай аудандық полиция бөлімінің инспекторы Еркебұлан Әбубәкіров С.Қожанов көшесінің бойында орналасқан мейрамханада ауданға қарасты ауыл мектептерінің бірінің 11-сынып түлектері кеш өткізіп жатқанын анықтаған. Оған ата-аналар мен ұстаздар, бітіруші оқушылар, жалпы 50-ден астам қонақ жиналған.

Анықталған жайтқа қатысты тойхана иесі мен ұйымдастырушыға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен («Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») іс-құжаттар жинақталып, шара қабылдау үшін Жетісай аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

«Одан бөлек, полицейлер аудан көлемінде барлық мейрамхана мен тойхана, ойын-сауық орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл індеттен арақашықтықты сақтап, маска режимін сақтағанда ғана жоюға болатынын жеткізді.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз», — деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

https://www.inform.kz/kz/ata-ana-men-ustazdar-da-zhinalgan-turkistan-oblysynda-tulekter-keshi-toktatyldy_a3798125

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *