Елімізде тағы 5 сырқат коронавирустан қайтыс болды
Елімізде тағы 5 сырқат коронавирустан қайтыс болды
Жалпы көз жұмғандар саны — 105
Қазақстанда коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат coronavirus2020.kz порталына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында — 1988 жылы, Қарағанды облысында — 1956 жылы, Алматы қаласында — 1962 және 1965 жылы және Ақмола облысында 1980 жылы туған 5 ер адам қайтыс болды.
Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді. Қазақстан бойынша барлығы 105 адам коронавирустан көз жұмған.