2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады — Энергетика министрлігі

2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады — Энергетика министрлігі

ҚР Үкіметінің басапасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанның мұнай саласының дамуы туралы айтып берді. 

Ә. Мағауов атап өткендей, 2019 жылғы қаңтар-қарашада алдын ала өндіру 82,5 млн тоннаны құрады. Бұл ретте республика бойынша 2019 жылы мұнай өндіру жоспары 89 млн тоннаны құрайды. 2019 жылдың соңына дейін мұнай өндіру жоспарын біршама асыра орындау күтілуде, яғни 90,5 млн тонна.

«Негізгі өндіріс үш ірі жобаның үлесінде. Мұнай өндірудің 60%-ын Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындары қамтамасыз етеді. 2019 жылы 3 ірі жобада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, өндіру тұрақты», — деді Ә. Мағауов.

Күрделі жөндеу аяқталған соң Қашаған кен орнында мұнай өндіру тәулігіне 370 мың баррельге жетті.

Теңіз кен орындарын келешекте кеңейту және Қашаған кен орнында газды кері айдау қуаттарын кеңейту жобалары есебінен 2023 жылдан бастап өндіру көлемін 100 млн тоннаға арттыру болжануда. Қалған компаниялар бойынша мұнай өндірудің табиғи төмендеуі болжануда. Негізгі кен орындарында өндірістің кешеуілдеуіне байланысты Қызылорда облысының кен орындарында мұнай өндірудің төмендеуі күтіледі.

«Жалпы, алдағы 2-3 жылда біз мұнай өндіру көлемін жылына 90 млн тонна деңгейінде ұстап тұратын боламыз», — деді Ә. Мағауов.

Вице-министр маңызды инвестициялық жобалар құрылысы: ұңғыма сағасының қысымын басқару, Қарашығанақты кеңейту және Қашаған кен орнының Шығыс бөлігін одан әрі игеру қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Ұңғыма сағасының қысымын кеңейту/басқару жобасының жалпы құны $36,8 млрд көлемінде бағаланып отыр. Жалпы орындау жоспары бойынша ілгерілеу қазірдің өзінде 72% құрайды. $28,5 млрд-қа жуық қаржы игерілді. Жобаны кесте бойынша аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, қазіргі өндіру көлемін Қашаған кен орнында $11,5 млн тонна деңгейінде ұстау бойынша ауқымды жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы салымдар $3 млрд мөлшерінде бағаланып отыр.

Қашаған кен орнын одан әрі кеңейту бойынша серіктестер кен орнының Шығыс бөлігін толыққанды игеру тұжырымдамасын әзірлеуде. 2020 жылы Энергетика министрлігінде кен орнының осы бөлігін игеру бойынша алғашқы тұжырымдама ұсынылады деп күтілуде.

https://primeminister.kz/kz/news/press/plan-dobychi-nefti-v-2019-godu-budet-perevypolnen-minenergo

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *