Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (21-22 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады. Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», — дейді әкімдіктегілер.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nur-sultanda-demalyis-kunder-kogamdyik-kolk-jurmeyd-309655/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *