Алматы облысында баукеспе жайылымнан 60 қойды ұрлап кеткен

Алматы облысында баукеспе жайылымнан 60 қойды ұрлап кеткен

Алматы облысында баукеспе жайылымнан 60 қойды ұрлап кеткен

Алматы облысында баукеспе жайылымнан 60 қойды ұрлап кеткен, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда Жамбыл ауданының полициясына Алматы қаласының 54 жастағы тұрғыны арыз түсірген. Жалпы шығының 3 млн теңгеден астам сомаға бағалаған арызданушы жайылымнан 60 қойы ұрланғанын жеткізген. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары бір күн ішінде Бурган ауылының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұрлық жасағанын толық мойындады. Із кесушілер күдіктіден 4 қойды тәркілеген және ол өзінен 55 бас ұсақ малды сатып алған адамды көрсеткен. Тағы бір қой күдіктінің танысынан алынды.

Барлық ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат бұрын мал ұрлығы үшін екі рет сотты болған. Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-baukespe-zhayylymnan-60-koydy-urlap-ketken_a3663157

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *