Тағы бір министр оқшауланды

Тағы бір министр оқшауланды

Фото: primeminister.kzФото: primeminister.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болғаннан кейін оқшауланды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Министр қазір оқшауланды. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған ретінде оқшауланды. Елжан Біртановпен ұшақта бірге келді. Таңертең аппарат кеңесі және барлық шара жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Министр бәрін үйден өткізіп жатыр», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, Мырзағалиевтің коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс болған.

«Апта соңында тағы тест тапсырады», — деп нақтылады ол.

Еске салайық, 14 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Аймағамбетов мен Сапарбаев коронавирусты анықтауға тест тапсырды

Сондай-ақ Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс министрі, генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tagyi-br-ministr-okshaulandyi-309565/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *