Елбасы Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты
Түркістанның жаңа әкімшілік орталығының аумағын аралап көру барысында Мемлекет басшысы мемориалды тас қалау рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Түркістан қаласының даму перспективалары жөнінде облыс әкімі Ж.Түймебаевтың баяндамасын тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа инфрақұрылым нысандарын, әлеуметтік-мәдени және спорт кешендерін, сондай-ақ қаланың әкімшілік ғимараттарын салу жоспары жөнінде мәлімет берілді.