ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Шымкент қаласында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында сақтық шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары атқарылуда.
ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен онлайн жиында Шымкент қаласындағы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы және эпидемиологиялық жағдай бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
Қазіргі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсететін 11 ПТР зертханасы жұмыс жасауда. Зертханаларда тәулігіне барлығы 6 250 тест жасау қуаттылығы бар. Жыл басынын бері 27 389 ПТР тест өткізілгенін, оның ішінде өткен тәулікте 1334 ПТР тест жасалғанын жеткізді.
Биыл материалдық-техникалық жабдықтауға 2,4 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда қала тұрғындарына барлығы 21 компьютерлік томография аппараттары қызмет етуде. Медициналық ұйымдарда 615 ИВЛ аппараты бар.
— Осы жылға бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдармен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге 6,1 млрд теңгеге келісімшарттар түзілген. Бүгінгі таңда медициналық мекемелерге нақты 170 млн теңгеге дәрі-дәрмектер жеткізілді. Медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптастырылды.
Тұрақтандыру қоры шеңберінде бөлшек саудаға және медициналық ұйымдардың қорына арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға дәріханалар айналымына және қорларын толықтыруға 659 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні жалпы қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, — деп сөзін түйіндеді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі