Тоқаев қолға алынған жаңа экономикалық бағыттың сүйенетін басты жеті қағидатын атады
Тоқаев қолға алынған жаңа экономикалық бағыттың сүйенетін басты жеті қағидатын атады
Әртараптандырылған технологиялық экономиканы құру тек қажеттілік емес, онсыз дамудың бізде басқа жолы жоқ.
Оның айтуынша, шын мәнінде әртараптандырылған технологиялық экономиканы құру тек қажеттілік емес, онсыз дамудың бізде басқа жолы жоқ.
— Ұлттық табыстың өсуіне байланысты тиімді әлеуметтік салаларға жеңілдіктерді әділ бөлуге деген сұраныстың артуы міндетті түрде оң сипат танытуы керек, — деп мәлімдеді Мемлекет басшысы өз Жолдауында. Осыған байланысты біздің еліміздің жаңа экономикалық бағыты негізгі жеті қағидадан тұруы тиіс.
Біріншісі — табыс пен міндеттердің әділ бөлінуі.
Екіншісі — жеке кәсіпкерліктің жетекші рөл атқаруы.
Үшіншісі — әділ бәсекелестік, кәсіпкерліктің жаңа буынына нарықтардың ашық болуы.
Төртінші — өнімділіктің өсімі, экономиканың күрделілігі мен технологиялық тиімділігінің артуы.
Бесінші — адами капиталды дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция салу.
Алтыншы — жасыл экономиканы пайдалану, қоршаған ортаны қорғау.
Жетіншісі — мемлекеттің негізі бар шешімдерді қабылдауы және сол үшін қоғам алдындағы жауапкершілік алуы.
— Бұл ретте біз бәсекелестік бойынша артықшылықтарымыз бен нақты мүмкіндіктерімізді есепке ала отырып, қадам жасауымыз керек, — деп сөзін түйіндеді ол.