Түркістанда шамадан тыс жүк тиеген көліктерге айыппұл салынды

Түркістанда шамадан тыс жүк тиеген көліктерге айыппұл салынды

Рейдтік шара барысында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде тауар тасымалдау құжаты болмаған 12 жүк көлігіне ескерту шаралары берілді.

Сурет : Арайлым Тастемір16 Маусым 2020, 22:15

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп, «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жобасы аясында республикалық маңызы бар «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының Шақпақ-баба елді мекенінде ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне заң аясында тексеріс жүргізді, деп хабарлады zakon.kz.

Рейдтік шараның негізгі мақсаты — ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату және карьерлерден заңсыз инертті материалды тасымалдау тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

Жүргізілген мониторинг жұмыстарына «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, облыстық көліктік бақылау инспекцияның бөлім басшысы Б.Назарбеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов пен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және полиция бөлімінің инспекторлары қатысты.

Рейдтік шара барысында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, оның ішінде тауар тасымалдау құжаты болмаған 12 жүк көлігіне ескерту шаралары берілді.

Сонымен қатар, жүк тиеген 6 көліктің салмағы белгіленген мөлшерден асып кеткендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, құны 1,252360 (бір миллион екі жүз елу екі мың үш жүз алпыс) теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы уақытта «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, облысқа қарасты барлық қала/аудандардың жолдарына рейдтік шаралар жіті жүргізіліп, аталмыш жоба аясында жолдардың тез бүлінуіне әкеліп соғатын заңбұзушылықтармен қарқынды күрес әріқарай өз жалғасын табатын болады.

https://kaz.zakon.kz/5027829-t-rk-standa-shamadan-tys-zh-k-tiegen-k.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *