Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды

Коронавирус індетімен байланысты қайғылы жағдай еліміздің үш облысы мен Алматы қаласында тіркелді. Бақилық болғандардың арасында ең үлкені — 88 жаста болса, ең кішісі — 46 жаста

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індеті салдарынан тағы жеті науқас қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

1945 және 1974 жылы туған ер азамат Түркістан облысында, 1932 жылы дүниеге келген әйел мен 1941 жылы туған ер адам Батыс Қазақстан облысында, 1949 және 1939 жылы дүниеге келген ер азамат Қарағанды облысында және 1965 жылы дүниеге келге ер адам Алматы қаласында көз жұмғаны тіркелді.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 88 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 15
  • Алматы қаласы – 13
  • Шымкент қаласы – 11
  • Ақмола облысы – 6
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 9
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 5

Айта кетейік, республика бойынша коронавирус инфекциясын 15 542 адам жұқтырса, оның ішінде 9 647 науқас аталған індеттен айығып шықты.

https://sputniknews.kz/society/20200617/14252996/Koronavirus-indet-naquas.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *