СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖІТІ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖІТІ НАЗАРДА

 

         Түркістанда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептерді жою жөнінде келелі жиын өтті.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтың қатысуымен өткен отырысқа облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің аппарат басшылары мен бөлім жетекшілері қатысты.

 

Қылмыстық құқықбұзушылықтар мәселелері көтерілген кездесудің негізгі  мақсаты – әкімшілік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және оған жол берген азаматтарға тиісті шара қолдануды күшейту.

Департамент мәліметі бойынша, екі айдың ішінде пара алу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену, алаяқтық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану деректері тіркелген. Сыбайлас жемқорлық фактілері әлеуметтік көмек, жұмысқа қабылдау, еңбек шартын ұзарту және мемлекеттік сатып алу салаларында орын алған.

 

Заң бұзушылық фактісі орын алған жағдайда Агенттіктің 1424 сенім телефонына хабарласу қажет. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдептіліктерін одан әрі жетілдіру жұмысын күшейтіп, мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын комиссия мүшелігіне қоғам өкілдерін қатыстыру арқылы аудио және бейнежазба көмегімен конкурс бойынша тағайындау ұсынылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *