ҰБТ-ға дайындықта қандай кемшіліктер бар – Орталық директоры айтты
ҰБТ-ға дайындықта қандай кемшіліктер бар – Орталық директоры айтты
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Ұлттық бірыңғай тест өткізуге дайындық барысындағы кемшіліктерді айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы, барлық Ұлттық бірыңғай тест өткізу пункттері дайын деп айтуға болады. Бірақ, бірнеше кемшілік бар. Мысалы, онлайн трансляция ұйымдастыру үшін біз 2 жолын қарастырдық. Бір трансляцияны жергілікті атқарушы органдар және біз бір трансляция ұйымдастырамыз. Өйткені, бір трансляцияда ақау болса, екіншісі әрдайым қолжетімді болады. Қазіргі уақытта Қостанай облысының Жітіқара қаласында мәселелер бар. Өкінішке орай, тиісті жұмыстар ұйымдастырылмады», — деді Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматта өткен аппарат жиналысында.
Оның айтуынша, мемлекеттік комиссия отыратын дәліздерде 103 арнайы камера орнатылған. 43 пунктте 20 маусымға дейін камералар орнатылады.
«Бірақ, Ұлттық бірыңғай тест өткізілетін 15 пунктте жұмыс тиісті деңгейде өтеді деп айта алмаймын. 108 пунктте барлық материал жиналатын дәліздерде камера бар. 41 пунктте 20 маусымға дейін ұйымдастырылады. Ал 12 пунктте мұндай жұмыс ұйымдастырылмаған», — деді орталық директоры.
Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ өткізуге дайындық жұмыстарының барлығы 17 маусымға дейін аяқталуы тиістігін атап өтті.
«Ертең барлық пунктті қабылдап аламыз. Әлі де біз қойған талаптарға сай жұмыс жүргізуге уақыт бар. Биыл өте үлкен әрі қатаң талап қойып отырмыз. Санитайзерлер қою, маскамен қамту жұмыстарын реттеу қажет. Биыл калькуляторға рұқсат беру шешімін қабылдадық. Сондықтан барлық мәселені шешіп, 17 маусым күні менің деңгейімде республика бойынша барлық пункттердің, Білім басқармаларының басшыларымен жиналыс өткіземіз. Сол жиналыста барлық мәселені қарастырамыз»,- деді министр.
https://www.inform.kz/kz/ubt-ga-dayyndykta-kanday-kemshilikter-bar-ortalyk-direktory-aytty_a3662265