Шымкент қаласының үздік учаскелік полиция инспекторы

Шымкент қаласының полиция департаменті ұйымдастырған «Үздік учаскелік полиция» байқауы ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы ең маңызды полицей мамандығының қызметкерлерінің жұмысын бағалаудағы ашық сайыстың үздік үлгісі болып табылады.

Екі күн бойы Шымкент қаласы Полиция департаментінің учаскелік инспекторлары саптық, арнайы дайындық, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша кәсіби шеберлікте жарысты. Байқау кезеңдерінің бірі – нормативтік-құқықтық актілерді білу емтиханы. Финалға Абай АПБ-нан Айтқұл Нұрислам Қайратұлы, Еңбекші АПБ-нан Бакиров Әмірхан Сейдеханович, Әл-Фараби АПБ-нан Юсупов Ербол Айтбаевич, Қаратау ПБ-нен Алтынбаев Макен шықты. Конкурс комиссиясының шешімімен полиция майоры Юсупов Ербол Айтбаевич жеңімпаз болып танылды. Енді ол еліміздің ең үздік учаскелік инспекторы атағы үшін республикалық байқауға қатысады.

Қазіргі таңда Шымкент ҚПД-нің 4 ауданында 369 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Олар өздеріне қарасты аумақтардағы тұрғындармен тәулік бойы жұмыс істейді, бірінші болып қиын уақытта адамдарға көмек көрсетуге келеді, тұрмыстық қылмыстың алдын алумен айналысады.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Юсупов Ербол Айтбаевичке «Үздік учаскелік полиция инспекторы» республикалық байқауында жеңіске жетуді тілейді.

Шымкент ҚПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *