Сенат депутаттарының сайлауына қанша ақша жұмсалады?

Сенат депутаттарының сайлауына қанша ақша жұмсалады?

Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді», — деп хабарлады Мұстафина ОСК-дағы брифингте.

Оның айтуынша, бұл ақша сайлау комиссияларының қызметі мен ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, сайлау компаниясының қызметін ұйымдастыру үшін қажетті полиграфиялық қызметтерге, сондай-ақ сайлау нысандарын рәсімдеу қызметтеріне, БАҚ-та ақпарат жариялау және басқа да шығындарға жұмсалады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 тамызға Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/senat-deputattaryinyin-saylauyina-kansha-aksha-jumsaladyi-309464/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *