ШЫМКЕНТТІҢ СЫРАСЫ ШЕТЕЛДЕ ДЕ ТАНЫМАЛ
ШЫМКЕНТТІҢ СЫРАСЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ
Шымкенттегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бүгін қала әкімі М.Әйтенов «Шымкент сыра» зауытына барды.
Сыра зауытының аумағы 9 гектар. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім береді. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш бастап тұр.
«Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова Шымкент қаласының әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады.
Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жақын күндері квас секілді алкогольсіз өнім шығаруды жоспарлап отыр. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, өзге елді де қамтуда. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.
Зауытты аралау кезінде қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі