Мемлекеттік органдарға жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылды
Мемлекеттік органдарға жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеуге жіберу ұсынылды
Сондай-ақ облыс әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптард бұзған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Сурет : depositphotos.com11 Маусым 2020, 17:40
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерала Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлады zakon.kz.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына қол астындағы жұмысшыларының 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру ұсынылды, деп хабарлады Премьер-министрдің сайты.
Сондай-ақ, облыс әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет.
https://kaz.zakon.kz/5027149-memlekett-k-organdar-a-zh-mysshylaryny.html