Орталық Азияға адам дамуының терең дағдарысы төнді – Дүниежүзілік банк
Орталық Азияға адам дамуының терең дағдарысы төнді – Дүниежүзілік банк
Аймақта оқып жатқан жастардың көбі функционалдық сауаттылық бойынша төмен нәтиже көрсеткен.
Коронавирус пандемиясы (COVID-19) халқының жартысы оқу оқитын балалар мен жастардан тұратын Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім саласына, адам капиталының дамуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ әрі жағымсыз сипатта ықпал етіп отыр. Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіруде, деп хабарлады zakon.kz.
Дүниежүзілік банктің жүргізген есебіне сәйкес, жасөспірімдер арасындағы функционалдық сауатсыздық деңгейінің өсуі, яғни қоғам өміріне белсенді түрде араласуы үшін оқу мен жазудың, математиканың дағдысын пайдалана алмайтын оқушылардың саны көбеюуі мүмкін.
Пандемияға дейін де Орталық Азиядағы білім беру саласы бірқатар қиындықпен бетпе-бет келген болатын. Атап айтқанда білім кедейлігін жою, осал оқушыларға тең мүмкіндік жасау үшін инклюзивтілікті алға жылжыту секілді мәселелер болған. Орталық Азия елдерінің оқушылары Еуропадағы құрдастарынан орта есеппен бір жарым жылға артта қалған болатын. Аймақта оқып жатқан жастардың көбі PISA Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық бағалау бағдарламасының нәтижесінде функционалдық сауаттылық бойынша төмен нәтиже көрсеткен.
Әсіресе табыстары әртүрлі отбасылардың балалаларының арасындағы теңсіздіктің, айырмашылықтың өсіп бара жатқаны ерекше алаңдатады. Бұл мәселеге бірнеше фактор, нақтырақ айтқанда мұғалімдер мен балалар үшін қашықтан оқыту мен оқу материалдарының қолжетімділігінің, сонымен қатар үй жағдайында оқу кезінде отбасылардың үлесі мен мұғалімдерді қолдаудың айырмашылығы әсер етеді. PISA мәліметтеріне сәйкес Қазақстандағы ең кедей отбасылардың балалары өзінің құрдастарынан бір жылға, ал Қырғыз Республикасындағы екі жарым жылға қалып қойып жатыр.
COVID-19 пандемиясы оқыту проблемасын одан ары қиындата түсті. Себебі мектептердің жабылуы ең осал санаттағыларға, оның ішінде алыс аудандардағы аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттілігі барларға жағымсыз әсер етеді.
«Коронавирус пандемиясы білім беру мен оқыту жүйесіне қатты соққы беретіні соншалық, оның салдары ондаған жылдар бойы сезіліп, соның ішінде тек Орталық Азиядағы экономикалық шығын 44 млрд АҚШ долларға жетуі мүмкін. Бұл ең пессимистік сценарий емес екенін де атап өту керек», — дейді Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру саласындағы жетекші маманы Айша Вауда. «Аймақтағы мемлекеттер көптеген арна мен форматты пайдалана отырып, оқуға жедел қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдады. Бірақ қазір Орталық Азия елдері жаңа әрі сапалы, тұрақты және әділетті білім беру жүйесінің негізін қалайтындай әрекет етуі керек».
Баспасөз мәслихаты барысында Дүниежүзілік банктің өкілдері коронавирус пандемиясының салдарын жою бойынша жоспарларды әзірлеу кезінде білім беру саласына бірінші кезекте мән берілуі керектігін атап өтті. Мемлекеттер білім саласына бөлінетін қаражатты сақтап, қашықтан оқытудың сапасын көтеруі, білімге ғана емес, біліктілік пен дағдыға баса маңыз бере отырып білім беру бағдарламаларының жеңілдігін қамтамасыз етуі; мұғалімдерге оқытудан қалып қою мәселесін жою бойынша тиімді стратегияны, оқытудағы шығындардың орнын толтыру үшін бағалау мен қосымша құзіреттерді әзірлеп, ұсынуы керек.
Әрбір баланы оқытуға кететін шығынды мұғалімдердің түсінуіне қарай бағдарламадан қалып қою мәселесін жоюға бағытталған арнайы білім беру жоспарларын әзірлеу керек. Әсіресе мектептердің жабылуынан зардап шеккендерге маңыз берген абзал. Аймақтағы мемлекеттер сонымен қатар оқушылардың, жастар мен мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуды қамтамасыз етіп, қазіргі дағдарыстың қажеттігіне толығымен бейімделу үшін қашықтан оқытудың әртүрлі платформасында педагогтың оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізуіне көбірек мүмкіндік жасауы керек.
«Дүниежүзілік банк Орталық Азияда және бүкіл әлемде білім мен адам капиталын дамытуға ерекше маңыз береді. Өйткені біз мұндай инвестициялардың үлкен дивидендтерді әкелетінін түсінеміз», — деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук. «Бүгін біз Қазақстанда, Қырғыз Республикасында және Өзбекстанда COVID жағдайында жұмыс жүргізуге арналған үш білім беру жобасын бейімдедік. Осы жобалар арқылы жедел және қашықтықтан оқытуға қолдау шаралары жұмылдырылды. Мысалы, Қазақстанда қашықтықтан оқыту бақылауға алынып, ауыл мұғалімдеріне цифрлық жабдықтар берілуде».