ШЫМКЕНТ: ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ

Шымкентте жаңадан ашылған қалалық жұқпалы аурулар орталығының ерекшелігі қандай?
Өзге медициналық мекемелерден артықшылығы неде?  Жалпы бұл орталық Президент пәрменімен салынды. Бұған дейін дәл осындай медициналық нысан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ашылып еді. Алайда мына нысан олардан өзгеше деді  ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Нұр-сұлтан мен Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар емханасынан да ең жақсысы осы. Бұл нысанның ашылуына арнайы келіп, әлеуметтік орталықтың әлеуетін аңғарған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жоғары бағасы. Аурухананы аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов пен министр кешеннің сапасына, медициналық жабдықтармен жарақтандырылуына осылайша жоғары бағасын берді.
Бұл жерде жаста болса бас болған қала әкімі  Мұрат Әйтеновтың еңбегін ерекше атап өткен жөн.  Өйткені құрылысты алғашқы күннен бастап өз бақылауына алып, оның сапалы болып салынуына ерекше мән берді. Оған қоса  болашақты бағамдап медицицналық нысан алдағы уақытта халыққа қалтқысыз қызмет ету жағын да қарастырды.  Орталықта коронавирус індеті тоқтағаннан кейін де  басқа  жұқпалы ауруха шалдыққан науқастарға ем-дом жасалатын болады. Оған қоса ауруханада медицицналық қызметкерлер үшін де барлық жағдай жасалған. яғни төтенше жағдай  жариялана қалса дәрігерлер орталықтан шықпай жұмыс істейді. Қызметкерлер үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.  Дертке шалдыққан ауруларды емдейтін соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар мен салқындатқыштар да қойылған. Бір сөзбен айтқанда   шымкентте заманауи медицицналық  кешен құрылды.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды оқшаулап, сапалы медициналық қызмет көрсететін орталық заманауи талаптарға сай салынған.  Қажетті заманауи медициналық техникалар, Компьютерлік томограф, сандық рентген аппараты, 20 ИВЛ аппараты да бар. Ғимараттың жалпы ауданы 6353 шаршы метрді құрайды. Онда шымкент қаласы мен Түркістан облысынан іріктеліп алынған  білікті  үш жүзден астам медицина маманы қызмет көрсетеді. Оның 70-і білікті дәрігер 130-ы орта буын өкілдері 105-і басқа да медицицна мамандары.
Инфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі — операциялық блок пен перзентхана залының да болуы. Бұл өз кезегінде науқастанған ана мен жаңа туған сәбиді аман сақтап қалу үшін білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Госпитальде барлығы 160 төсек, 20 боксталған палата, 20 реанимациялық төсек орын бар.
Фото. Береке Сейтжаппар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *