Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 30 адам тіркелді
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 30 адам тіркелді
(10.06.2020 ж. мәлімет бойынша)
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 16 әйел адамнан, 12 ер адамнан және 2 баладан анықталды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
10.06.2020 ж. жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды, олардың ішінде 448-і жазылып шыққан.
:zap:COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК