Қоқыс полигонындағы өрттен Алматы-Қапшағай трассасында 8 көлік соқтығысты

Қоқыс полигонындағы өрттен Алматы-Қапшағай трассасында 8 көлік соқтығысты

Қоқыс полигонындағы өрттен Алматы-Қапшағай трассасында 8 көлік соқтығысты

«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, жолдың дәл осы учаскесін полигоннан шыққан өрттің қою қара түтіні басқан.

«Өрттің күшеюіне байланысты «Алматы-Қапшағай» ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында 8 көлік соқтығысты.

Салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатын алды, 1 адамның жағдайы ауыр», — деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы және жедел жәрдем шамамен сағат 16:30-да келді.

Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатты.

Қазіргі уақытта күшейтілген шаралар қабылдануда.

https://www.inform.kz/kz/kokys-poligonyndagy-ortten-almaty-kapshagay-trassasynda-8-kolik-soktygysty_a3660306

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *