ШЫМКЕНТТЕ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 5 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат
Вирус жұқтырған азаматтар 1990ж, 1977ж, 1985ж, 1980ж, 1982 жылғы қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
26.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 167 адам анықталды.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы