Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар жайында айтты

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар жайында айтты

Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар жайында айтты

Жыл соңына дейін көші-қон саласы бойынша тағы бірнеше қызмет түрі «онлайн жүйеге» көшеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың сенімі – полиция жұмысының негізгі бағасы. Сол үшін Ішкі істер министрлігі ақпараттық технологияларды енгізуде.

Қағаз анықтамаларды жойып, барлық мемлекеттік қызметтерді электронды жүйеге көшіру жұмысы жүріп жатыр.

Мысалы, 2019 жылы жалпы 24 млн қызмет көрсетілді.

Бұл біріншіден, сыбайлас жемқорлықты жояды.

Екіншіден, қарапайым азаматтардың уақытын үнемдейді.

Үшіншіден, «Электрондық үкімет» порталы арқылы үйде отырып мәселесін шешеді», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде.

Осы ретте ол нақты нәтижелерге тоқталды. «Мекенжай анықтамаларын беруді тоқтаттық. Бұрын осы анықтаманы алу үшін жылына 10 млн адам кезекте тұратын.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізге уақытша келген шетелдіктер тіркеуден өтпейді. Шақыру бергендер көші-қон қызметіне өздері хабарласуы тиіс.

Ішкі істер министрлігі көрсететін қызметтердің 83 пайызы электронды форматқа ауысты.

Жыл соңына дейін көші-қон саласы бойынша тағы бірнеше қызмет түрі онлайн жүйеге көшеді», — деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның атап өтуінше, қызметкерлер мен азаматтардың арасында тікелей байланыс болмауы үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы тіркеу-емтихан бөлімдері жабылып,

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілген. «Жүргізуші куәлігі, нөмір беру, көлікті тіркеу, сынақ тапсыру барлығы сол орталықтарда жүзеге асады.

Бұл сыбайлас жемқорлықты болдырмайды. Автоматтандыру жүйесін 91 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді министр.

https://www.inform.kz/kz/erlan-turgymbaev-ishki-ister-organdarynda-engizilip-zhatkan-akparattyk-tehnologiyalar-zhayynda-aytty_a3659656

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *