Шымкенттің бас полицейі көз-жанары көрмейтін бүлдіршін Амалия мен оның достарын Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Шымкенттің бас полицейі көз-жанары көрмейтін бүлдіршін Амалия мен оның достарын Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов 3 жасар Амалия мен оның көрші достарын мерекемен құттықтады. Балаларға түрлі сыйлықтар мен тәттілер берілді. Ал Амалияға сыйлыққа балалар пианиносы табыс етілді. Өйткені ол көру қабілетінен айырылса да, есту және басқа да сезім қабілеттері жақсы дамыған. Бүлдіршін өте белсенді және көптеген заттар мен дыбыстарға қызығушылық танытады.
Шымкент қаласы ПД-нің қызметкерлері Амалияға ерекше қамқорлық танытатыны көпшілікке мәлім. Бұл оқиға өткен жылы басталған болатын. Амалияның анасы Оксана Игоревна Шымкент қаласы ПД-нің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасына қызының полицейлердің қызметтік автокөлігінің сиренасын естігенді жақсы көретінін және тәртіп сақшыларының фуражкасы мен формасын ұстап көргісі келетінін айтып, оған ұмытылмас кездесу ұйымдастыруды сұрап, хат жолдаған. Бұл өтініш бойынша Ералы Жумаханбетов өз жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, қос жанары көрмейтін бүлдіршінге қолдау көрсету үшін үйіне барып, оның ерекше арманын орындады.
Дәл сол кездегідей бүгінгі кездесу де Амалия мен оның достарына үлкен қуаныш сыйлады.
Өз кезегінде балалардың ата-аналары мен аула тұрғындары полицейлерге мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.
Шымкент қаласының ПД