Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

Петропавлда балабақшада коронавирус анықталды

Петропавлда балабақша 14 күнге карантинге жабылды. Үш жасар баладан COVID-19 анықталған, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.

«Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам — сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды», — деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/petropavlda-balabakshada-koronavirus-anyiktaldyi-309350/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *