Жұмыс берушілерге қызметкерлерін ПЦР-тест тапсыруға міндеттемеуге кеңес береміз – Бас санитар

Жұмыс берушілерге қызметкерлерін ПЦР-тест тапсыруға міндеттемеуге кеңес береміз – Бас санитар

Кімдер COVID-19 бойынша тегін тест тапсыра алады?

Жұмыс берушілерге қызметкерлерін ПЦР-тест тапсыруға міндеттемеуге кеңес береміз – Бас санитар

 

Автор:Есжан БотақараФото: sputniknews.kz

Бұл сұраққа еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Мекеме қызметкерлерін жұмысқа қайтару үшін ПЦР-тест тапсыру міндетті деген талап жоқ. Нақтырақ айтсақ, біз ешкімге ондай нұсқау берген жоқпыз.

Керек десеңіз, олай етпеуге кеңес берер едік. Өйткені ПЦР-тест індетті анықтамағанымен, ағзада инфекция болуы мүмкін.

Инфекция ағзада жасырын болып, кейін өршуі ғажап емес. Сондықтан мұндай талап қою орынсыз

. Ал жұмыс беруші өз бастамасымен ондай тексеру өткізгісі келсе, ұжымдық еңбек шартына жүгінуі қажет.

Бұл шара түгелдей сол құжаттар негізінде іске асады», – деген Айжан Есмағамбетова дәл қазір кімдерге тегін ПЦР-тест ұсынылатынын айтты.

«ПЦР-тесті тегін тапсыру мүмкіндігі COVID-19 жұқтырған адамның жақын туыстары мен жақын араласқан адамдарға беріледі.

Жақын араласқан деп 15 метрден жақын қашықтықта, 15 минуттан артық уақыт байланыста болған адамдарды айтып отырмын.

Осы адамдарға эпидемиологиялық талап бойынша тегін тест тапсыру мүмкіндігі беріледі», –деді бас санитар.

Есжан Ботақара

https://inbusiness.kz/kz/news/zhumys-berushilerge-kyzmetkerlerin-pcr-test-tapsyruga-mindettemeuge-kenes-beremiz-bas-sanitar

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *