Ө.ШӨКЕЕВ: Кентау Түркістанмен қатар дамиды
Ө.ШӨКЕЕВ: Кентау қаласы Түркістанмен қатар дамиды
Аталған бағдарлама аясында 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысқан апталық мәжіліс отырысында атқарылған жұмыстар жайлы баяндаған Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов шаһардың даму жоспарларымен бөлісті, — деп хабарлады ERNUR.KZ.
Кентау қаласы бойынша биыл бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылмақ.
Атап айтсақ, Кентау қаласы Қотыр бұлақ елді-мекенінде салынып жатқан күн сәулесінен қуат алатын электростанция құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. «Hevel Kazahstan» ЖСШ жобасының құны 15,9 млрд.тг. Сондай-ақ, Кентауда полиэтиленді труба шығару цехі, радиатор шығару цехі және «Темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты» биыл іске қосылады.
Одан бөлек, «Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты Шаға және Ораңғай ауылдарында 1 мектеп күрделі жөндеуден өтті.36 жол жөнделіп, жаяу жүргінші жолдары салынды, көшелер жарықтандырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 1 мектеп күрделі жөндеуден, 35 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. Көшелер жөнделіп, саябақтар абаттандырылды. 1 көпір және жаяу жүргінші жолдар жөнделуде. Аталған бағдарлама аясында 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған», – дейді Кентау қаласының әкімі.
Ал, Өмірзақ Естайұлы кезінде өндірісі өркендеген өңір болған 65 жылдық тарихы бар Кентау қаласын Түркістанмен қатар дамытуды мықтап қолға алуды тапсырды. Қала басшысына Кентау қаласына қарасты ауылдық округ халқының әлеуметтік, құрылыс, инфрақұрылымдық мұң-мұқтаждары мен өзекті мәселелерін дер кезінде шешуді жүктеді. Ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және өндірісті дамытып, инновациялық жобаларға басымдық беруді міндеттеді.
http://ernur.kz/turkistan-oblysy/oshokeev-kentau-kalasy-turkistanmen-katar-damidy