Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс туралы:   Снаряд 15 шақырым жерге дейін құлаған

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс туралы:   Снаряд 15 шақырым жерге дейін құлаған

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс туралы: Снаряд 15 шақырым жерге дейін құлаған

ҚазАқпарат — Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Ахуалды ушықтырғым келмейді. Бірақ, қаза тапқандар мен трагедия ауқымы мұнан да үлкен болуы ықтимал еді. Жағдай аталған өңірдегі ыстық климатқа байланысты да күрделене түсті», — деді ол.

Оның атап өтуінше, кейбір снарядтар тым ұзаққа ұшып кеткен. Тіпті бір снарядтың 15 шақырым жерге барып құлағаны да анықталып отыр. Әскери өрт сөндіру командасы арсеналдағы өртпен 1 тәулік бойы күресіп, жаралыстардың одан ары таралуына жол берген жоқ.

«Оқ-дәрі құлаған жерлердің бірде-бірінде жарылыс орын алған жоқ. Бұл барлық оқ-дәрілердің жарғыш білтесіз сақталуымен байланысты болып отыр. Жарғыш біле жеке сақталады. Олардың негізгі бөлімі сол арсеналдың өзінде қалды», — деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Генералдың атап өтуінше, Ресей, Тәжікстан және АҚШ-тан сарапшылар келіп, Арыста жүргізілген жұмыстарға баға берген.

«Олар тәуелсіз бағаларын берді. Халықаралық сарапшылар ондаған мың тонна оқ-дәрі жарылған кезде қаланың барынша аз қирауы, азаматтық тұрғындар арасында қаза тапқандар санының барынша аз болуы әлемдік тәжірибедегі теңдессіз оқиға екендігін атап өтті. Жарылыс барысында бір әскери қызметші емес азамат қайтыс болды. Әрине, біз үшін әрбір адам өмірі қымбат», — деді ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 2019 жылы 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты — Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді.

https://www.inform.kz/kz/korganys-ministrligi-arystagy-zharylys-turaly-snaryad-15-shakyrym-zherge-deyin-kulagan_a3659180

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *