ШЫМКЕНТТЕ ҮШ КІШКЕНТАЙ БАЛАДАН COVID-19 ВИРУСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 14 адам тіркелді

 

 

  фото әлеуметтік желідне алынды

(09.06.2020 жылғы мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы 6 әйел адам, 5 ер адам және 3 кішкентай балада нақтыланды. Анықталғандар: 5-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 6-ы «ЖРВИ» диагнозымен стационарға жатқызылғандар, 2-і алғашқы медициналық жедел көмекке «ЖРВИ» белгілерімен жүгінген, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген. Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

09.06.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 992 адам анықталды.

⚡ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *