СІМ АҚШ-тағы наразылық кезінде «қазақстандық қаза тапқаны» туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді
СІМ АҚШ-тағы наразылық кезінде «қазақстандық қаза тапқаны» туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді
Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы наразылық шарасы кезінде қазақстандық қаза тапқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға туралы хабарлама әлеуметтік желіде тараған.
Алайда СІМ бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
«Қаза тапқандар ішінде азаматымыз жоқ», — деді сырты саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, 25 мамырда Миннеаполисте (Миннесота штаты) 46 жастағы америкалық Джордж Флойд полиция ұстап жатқан кезде қаза тапқан еді. Желіде оқиғаның видеосы тараған. Кадрлардан полицей қара нәсілді ер адамның мойнын тізесімен басқанын, ал афроамерикалықтың дем ала алмай жатқанын бірнеше рет қайталағанын көруге болады. Бұл оқиғадан соң елде наразылықтар өтіп жатыр.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sm-aksh-tagyi-narazyilyik-keznde-kazakstandyik-kaza-tapkanyi-309312/