Судья мен прокурордың саунадағы видеосы. Жоғары сот тексеріс нәтижесін жариялады
Судья мен прокурордың саунадағы видеосы. Жоғары сот тексеріс нәтижесін жариялады
Жоғары сот Алматы облысындағы саунада видеоға түсірілген судьялар мен прокурорды тексеріп, нәтижесін жариялады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғары сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, судьяларды қызметінен босатудың бірнеше кезеңі болған.
«Біріншіден, нақты осы жағдайда Судьялардың әдеп жөніндегі комиссиясы судьяның іс-әрекеттерінде Судьялық әдеп кодексінің бұзылғаны туралы қорытынды жасай отырып, тексеру жүргізеді. Кодекс бұзылғаны анықталған жағдайда, облыстық соттың барлық судьясының қатысуымен жалпы отырыс өтіп, жасырын дауыс беру арқылы судьяны тәртіптік жауапқа тарту үшін материалды Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот алқасына жіберу туралы шешім қабылдайды», — деді Жоғарғы Сот баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақас.
Судья алқабилердің оны Жоғарғы Сот кеңесінде тәртіптік жауапқа тарту туралы шешіміне шағымдануға құқылы және тек содан кейін Жоғарғы Сот кеңесі түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін екені хабарланды.
Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Судьялық әдеп кодексінің бұзылғанын растаған.
«Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З.Сейітовтің монша кешенінде болғанына байланысты Алматы облыстық сотының Судьялық әдеп комиссиясы тексеру жүргізді. Тексеру материалдарын комиссия қарап шықты. Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З.Сейітов Судьялық әдеп кодексін бұзғанын растады», — деді Сәдуақас.
Оның айтуынша, судья Д.З.Сейітовке қатысты материал Алматы облыстық сотының жалпы отырысында қаралады.
Еске салайық, мамырда әлеуметтік желіде саунада түсірілген видео тараған болатын. Видео авторы кіммен демалып жатқанын айтады. Оның айтуынша, роликте Алматы облысы аудандық сотының судьясы да болған.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sudya-men-prokurordyin-saunadagyi-videosyi-jogaryi-sot-309308/