ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТУМЫСЫНАН ЕКІ КӨЗІ КӨРМЕЙ ҚАЛҒАН БҮЛДІРШІННІҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫ

Полицейлер туа бітті көзі көрмейтін бүлдіршіннің арманын орындады

Шымкенттік полицейлер туа бітті көзі көрмейтін екі жасар қыздың арманын орындады, – деп хабарлады Polisia.kz.

Амалияның туа бітті қос жанары көрмейді. Бірақ, соған қарамастан, айналадағы дүниелерге қызығушылық танытып, үнемі зеректігін көрсететін оған анасы Оксана Игоревна полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы, олардың қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбегі туралы жақсылап түсіндірген. Содан болар, кішкентай Амалия полицейлер жайлы өзіндік түсінік қалыптастырыпты. Жарық дүниені көрмесе де иіс сезу, ойлау, қолмен ұстап, сезіну қабілеті аса қатты дамыған ол анасына кәдімгі полиция қызметкерімен танысуды жиі сұрай бастаған.

Карантинге байланысты үйінен шыға алмаған Оксана қызының тілегін орындау үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің инстаграм желісіне осы өтінішін жазған еді. Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, аталған өтінішке адамгершілік тұрғысынан қолдау білдіріп, ықылас гүлімен кішкентайдың шаңырағына барды.

Сонымен қатар,  Балаларды қорғау күніне орай қаланың бас полицейі Амалияға барып, мейрамымен құттықтап, автоматтандырылған ойыншық көлікті тарту етті. Сондай-ақ, бүлдіршіннің ауладағы көрші достарына да сыйлықтар табыстады.

Шымкент қаласының Полиция департаменті азаматтардың әрбір талап-тілегін ескерусіз қалдырмауға тырысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *