Атыраудан Шымкентке рейс ашылмақ

Атыраудан Шымкентке рейс ашылмақ

Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады.

Сурет : Pixabay5 Маусым 2020, 15:57

Жуырда Атыраудан Шымкентке рейс ашу жоспарлануда, деп хабарлады zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» рейстері іске қосылмақ. Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ облыс тұрғындарын қолжетімді авиабилеттермен қамтамасыз ету мақсатында FlyArystan авиакомпаниясымен келіссөздерді бастаған болатын.

Тараптар келісімді талқылап, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейстерін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда.

https://kaz.zakon.kz/5026155-atyraudan-shymkentke-reys-ashylma.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *