Аида Балаева: Қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін қорғаймыз

Аида Балаева: Қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін қорғаймыз

Аида Балаева: Қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін қорғаймыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ел азаматтарын Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат министрдің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні! 1992 жылғы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздер барлық уақытта қоғамдағы әр адам үшін қастерлі де, қасиетті болды. Рәміздер халықтың бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейді, оның құндылықтары мен қасиетті жерлерін, ата-бабалар жадын және жаңа ұрпақтың болашақ жетістіктерін білдіреді» деп жазды Аида Балаева.

Министр өз сөзінде Қазақстанның Туы асқаралы биік тау шыңдарына орнатылып, ғарыштан Жер шарын айналып ұшқанын, әлемдік деңгейдегі спорттық жеңістерде желбіреп, адамдарды азаматтық және кәсіби ерліктерге шабыттандырғанын атап өтті.

«Қай қайсымыз да Туымыз, Әнұранымыз және Елтаңбамыздың асқақ рух, азаттық, қаһармандық пен даналықтың қастерлі нышаны екенін жақсы білеміз. Біз әркез қасиетті Туымыздың астында Отанымыздың тәуелсіздігі мен халқымыздың бақытты да бейбіт өмірін қорғаймыз. Бейбіт уақытта мемлекеттілік әрбір қазақстандықтың жетістіктерін нығайтады — біздің әрқайсымыз неғұрлым табысты болсақ, Тәуелсіз Қазақстан соғұрлым қуатты болады» деп түйді ойын ол.

Минист сөз соңында еліміздің барлық азаматтарын осы қасиетті де маңызды күнмен құттықтады.

«Баршаңызға өсіп-өркендеу, уақытша қиын кезеңді лайықты еңсеру, өмірлік күш-жігер мен жасампаздық тілеймін!» деп жазды Аида Балаева. Біздің каналымызға жазылыңыз:

https://www.inform.kz/kz/aida-balaeva-kasietti-tuymyzdyn-astynda-otanymyzdyn-tauelsizdigi-men-beybit-omirin-korgaymyz_a3657706

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *