Шымкенттегі 17 жастағы жігіттің өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды
Шымкенттегі 17 жастағы жігіттің өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды
Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері төбелестен қайтыс болған 17 жастағы жігіттің ісіне қатысты мәлімет берді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктілердің біріне іздеу жарияланды.
«Қалалық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Олардың бірі — Абзалбек Уткуров. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі 5,7,11-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында 22 мамырда шамамен сағат 23.30-да Қонаев көшесінде орналасқан «Мейір» дүкенінің маңында төбелес болғаны анықталды. Барлық күдікті оқиға орнынан жасырынған. Бірақ олар сол түні-ақ ұсталды. Бесеуі қамауға алынды, екеуі қолхатпен жіберілді, біреуіне іздеу жарияланды», — дейді полицейлер.
Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, 2 маусымда зардап шеккендердің бірі Абзалбек Уткуров алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыс іс қозғалған бап ауыстырылған.
Шымкентте төбелестен ес жимай кеткен 17 жастағы жігіттің туыстары Тоқаевтан көмек сұрады
Еске салайық, мұның алдында Шымкентте төбелестен 17 жастағы студенттің қайтыс болғаны хабарланған еді. қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан.
https://kaz.tengrinews.kz/news/shyimkentteg-17-jastagyi-jgttn-olm-kudktge-zdeu-jariyalandyi-309143/