ШЫМКЕНТТІК ПАЛУАН 400 КЕЛІЛІК ТҮЙЕНІ КӨТЕРІП РЕКООРД ОРНАТТЫ
ШЫМКЕНТТІК ПАЛУАН 400 КЕЛІЛІК ТҮЙЕНІ КӨТЕРІП РЕКООРД ОРНАТТЫ
Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл. Мерейтойға арнап Шымкенттік палуан Тимур Спатаев 400 келі келетін Түйені көтерді. Сөйтіп жерлесіміз Қажымұқан бабамыздан кейін тұңғыш болып рекорд орнатты.
Қара күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлы – Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлаңғайыр жері мен халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен. Күш атасы даңқты Қажымұқанның ізін жалғастырып, өнерін дәріптеп жүрген жандардың бірі Тимур Спатаев.
Ол қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы, сонымен қатар әлем рекордын жаңғыртқан. Палуан бұл жолы да атан түйені көтеріп бірнеше метр жүріп өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — күллі түркі жұртына ортақ болған күш атасының әлемге танытқан өнерін дәріптеу. Сонымен қатар келер ұрпаққа насихаттау және батыр бабамыздың рухына тағзым жасау дейді,- ұйымдастырушылар.
Спикер: ТимурСпатаев — спорт шебері