«Үш ай түрмеде отырғандаймыз». Теңіздегі жұмысшылар үйіне жіберуді талап етіп жатыр

«Үш ай түрмеде отырғандаймыз». Теңіздегі жұмысшылар үйіне жіберуді талап етіп жатыр

Видеодан кадрВидеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Теңіз кен орнындағы вахтасы бар ауылдардың бірінде түсірілген видео жарияланды. Кадрда жұмысшылар «Теңізшевройл» ЖШС өкілдерімен кездесуді және үйлеріне қайтаруды талап етіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  ATPress-ке сілтеме жасап.

«Біз шаршадық, қашанға дейін шыдаймыз? Үш ай түрмеде отырғандаймыз, ал үйде отбасымыз, балаларымыз…»

«Анализ алғанына 20 күн өтті, нәтижесі әлі жоқ! Неге бастықтар ауырмайды, неге жұмысшылар ауырады?»

Видеодан осындай түрлі эмоциялық сөзді естуге болады. Егер олар орындалмаса, жұмысшылар аштық жариялаймыз деп отыр.

Аймақтық шұғыл штабтағылар жағдайдың 30 мамыр күні екі еншілес компанияның жұмысшылары тұрып жатқан вахта ауылында болғанын хабарлады. 30-ға жуық адам карантиннің ұзарып кеткеніне наразылық білдірді. Олар COVID-19 анықтауға тест тапсырған және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар ретінде 14 күнге оқшауланған. Екінші рет тестілеуінің нәтижесі кешігіп жатыр, бірақ бүгін мәселе шешілуі керек.

Атырау облысында коронавирусты жаңадан жұқтырған 69 адам бар. Олардың 54-і — Теңіз кен орнындағы мердігер ұйымдардың жұмысшылары.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ush-ay-turmede-otyirgandaymyiz-tenzdeg-jumyisshyilar-uyne-309099/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *