ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЕЛДЕН ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЕЛДЕН ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. Қайта салынып жатқан үйлердің құрылысымен төтенше жағдайға қатысты құрылған комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев танысып қайтты. Ол мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы атқарылуы бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Толассыз жауған нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағыөзендердің су деңгейі көтеріліп, 6 елді мекендегі 200-ден астам тұрғын үйлердің ауласына су кірген болатын. Төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстары шұғыл түрде қолға алынған. Соның арқасында су шайған 4 көпірге екі тәуліктің ішінде өткелдер орнатылып, 32 шақырым арық-атыз тазартылды. 3,5 мың қаппен арық ернеулерінің деңгейі көтеріліп, 4,2 шақырым қашыртқы қазылды. Қазір аудан тұрғындары үшін ешқандай қауіп жоқ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі