Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 адам тіркелді
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 адам тіркелді
Шымкентте тағы да 32 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. 28 мамырдағы ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланған науқастардың 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-еуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, қалған 6-азаматтан скрининг нәтіжесінде анықталған.
Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.28.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 762 адам анықталды.COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.