Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырғаны туралы мәліметке жауап берді
Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырғаны туралы мәліметке жауап берді
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырғаны туралы қауөсетке жауап берді, — деп хабарлады РИА Новости.
«Мен ауырып қалған күннің өзінде, дүние жүзінде миллиондаған адам коронавирус жұқтырған, мыңдаған адам қайтыс болды, мен сонда, адам емеспін бе? Дәрі тамызғыш салдырып, иммунитетім мен гемоглабинімді көтере алмаймын ба? Мен сап-саумын», — деді Қадыров көмекшісі Ахмед Дудаевтың Instagram желісіндегі парақшасындағы тікелей эфирде.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде Шешенстан басшысы коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат тараған. Baza telegram-каналы дереккөзінің мәліметінше, дәрігерлер Қадыров 2-3 апта бұрын, Урус-Мартановск ауданының ауруханаға жатқан басшысы Валид Абдурешидовтің жағдайын білуге барғанда жұқтырып алған.
https://kaz.tengrinews.kz/world_news/ramzan-kadyirov-koronavirus-juktyirganyi-turalyi-malmetke-308919/