Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
Мемлекет басшысына компаниялар тобындағы қазіргі ахуал туралы баяндалды. Ахметжан Есімовтің айтуынша, дағдарыс пен карантин кезеңі басталғалы бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген.

Қор мен компаниялар тобының қаржылық орнықтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларына азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көлемі 1 миллиард доллары болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды.

Қор Қасым-Жомарт Тоқаевтың сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/kazakstan-prezidenti-samuryk-kazyna-uak-ak-baskarma-toragasy-ahmetzhan-esimovti-kabyldady

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *