Түлкібас пен Сайрам аудандық ауруханалары жаңа оттегі концентраттарымен толықты

Түлкібас пен Сайрам аудандық ауруханалары жаңа оттегі концентраттарымен толықты

Түлкібас пен Сайрам аудандық ауруханалары жаңа оттегі концентраттарымен толықты

Түркістан облысының Түлкібас пен Сайрам аудандық ауруханалары жаңа оттегі концентраттарымен толықты. Науқастардың тиісті деңгейде ем қабылдауына жаны жомарт жандар мен бірақатар компаниялар да атсалысуда, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Түлкібас ауданының орталық ауруханасына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы 10 дана оттегі концентраторын табыстады. Бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен түлкібастық еріктілер тарапынан орталық ауруханаға 360 дана арнайы медициналық киімдер, 210 оттегі балоны, 2 дана оттегі концентраторы жеткізілген болатын. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 13 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 55 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған. Ал, Сайрам ауданының имамдары елдегі игі бастаманы жалғастырып 3,5 млн теңгеге медициналық жабдық алуға демеушілік танытты. Олар науқастың өкпесіне барып тұрған оттегінің шамасын анықтайтын пульсоксиметрдің 10 данасын, «Бобров» оттегі концентратынан 10 дана және 10 редуктор алып берді. Аталған медициналық жабдықтарды Сайрам аудандық ауруханасы мен емханасына Түркістан облысы бойынша бас имам Мұсабек қажы Ақтамберді табыстады.

https://www.inform.kz/kz/tulkibas-pen-sayram-audandyk-auruhanalary-zhana-ottegi-koncentrattarymen-tolykty_a3677044

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *